Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері

08.08.2017

2017 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді шолу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне 2017 жылғы 1 жартыжылдықта жеке және заңды тұлғалардан 839 өтініш келіп түсті, соның ішінде 44 (5%) өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен.

Олардың басым бөлігі, 569 (68%) жеке тұлғалардың өтініштері және 270 (32%) заңды тұлғалардың өтініштері.

Өтінішпен 726 адам (86,5%), сұрау салумен 21 (2,5%), шағыммен – 59 (7%), үндеумен – 5 (0,6%), ұсыныспен – 28 (3,3%) адам жүгінген.

Өтініштердің ішінде – 478-і (57%) орыс тілінде, 299-і (35,6%) қазақ тілінде, қазақ және орыс тілінде 58 (7%), орыс тіл және өзге тіл 2 (0.2), өзге тілде 2 (0.2%). Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде берілді.

Жүгінген 839 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар 418 (50%), кәсіпорындар мен фирмалар және мемлекеттік емес ұйымдар – 104 (12,4%), зейнеткерлер – 11 (1,3%), шетел азаматтар – 34 (4%), ұжымдар – 47 (5,6%), өнер қызметкерлері – 9 (1,1%), шетел ұйымдар және компаниялар – 6 (0,7%), жазушылар – 9 (1%), мемлекеттік қатысумен заңды тұлға – 9 (1%), адвокаттар – 4 (0,5%), журналисттер – 2 (0,2%), аноним – 20 (2,4%), ғалым адамдар – 5 (0,6%), және басқалары – 161 (19,2%) өтініш берген.

Сипаты бойынша: 303 (36,1%) өтініш – мәдениет және өнер, 97 (11,6%) мемлекеттік құрылыс, 237 (28,3%) спорт және дене шынықтыру,Туризм , 95 (11,3%) әдебиет, 80 (9,5%) – архив, 27 (3,2%) – ономастика.

Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар ала алды.

Өзгерту: 08.08.2017