Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері

27.10.2016

2016 жылғы бірінше жартыжылдық бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді шолу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне 2016 жылғы  1 жартыжылдықта жеке және заңды тұлғалардан 786 өтініш келіп түсті, соның ішінде 37 (5%) өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен, 91 (12%)  өтінішке  бірегей нөмірлер берілген.

Олардың басым бөлігі, 525-і (66%)  жеке тұлғалардың өтініштері және 261-і (34%) заңды тұлғалардың өтініштері.

Өтінішпен - 761 адам (97%), сұрау салумен - 1 (0,1%), шағыммен -  24 (3%) адам жүгінген.

Өтініштердің басым көпшілігі –471-і (60%) орыс тілінде, қалған 315 (40%) өтініш қазақ тілінде. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде берілді.

Жүгінген  786 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар – 389 (50%),  кәсіпорындар мен фирмалар және мемлекеттік емес ұйымдар - 144 (18 %),  ҮЕҰ, одақтар, қауымдастықтар -  70 (9%), зейнеткерлер  -  60 (7,6 %),   шетел азаматтары – 31 (4%),  ұжымдар – 26 (3%),   өнер қызметкерлері – 14 (1,7%), шетел ұйымдар және компаниялар – 12 (1,5%), жазушылар– 8 (1%), мүгедектер – 6 (0,7%), мемлекеттік қызметкерлер – 5 (0,6%), мемлекеттің қатысуымен заңды тұлға 4 (0,5%), партиялар, саяси бірлестік – 3 (0,4%), адвокаттар – 2 (0,3%), көпбалалы отбасылар – 2 (0,3%),  журналист - 2 (0,3%), аноним - 2 (0,3%),ғалым адамдар – 2 (0,3%), және басқалар - 4 (0,5%) өтініш берген.

Сипаты бойынша: 285 (36%) өтініш –мәдениет және өнер, 187 (24%) –мемлекеттік құрылыс, 154 (19,5%) –спорт және денешынықтыру, 66 (8,3%) - әдебиет, 51 (6,4%) -  қоғамдық және дін бірлестігі, 44 (5,5%) - архив, 1 (0,1%) –ономастика, 1 (0,1%) –мемлекеттік награда.

Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар ала алды.

Өзгерту: 27.10.2016