Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері

11.01.2016

Жеке және заңды тұлғалардың 2015 жылғы (4 тоқсан) өтініштерін қарау бойынша ақпарат

Министрлікке 2015 жылғы жеке және заңды тұлғалардан 1470 өтініш келіп түсті. Басым көпшілігі (өтініштердің жалпы санының 74 % немесе 1092 өтініш) жеке тұлғалардың өтініштері, және (өтініштердің жалпы санының 26% немесе 393 өтініш) – заңды тұлғалардан келіп түскен.

Өтініштер уақтылы қаралып, жеке және заңды тұлғалар өз өтініштеріне толыққанды жауапты (сұранымдар, ұсыныстар) 2007 жылғы 12 қаңтарда  №221–III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» Заңының талаптарына сәйкес белгіленген  мерзімде алды.

1391 тұлға (94 %) өтінішпен, өзге өтініштермен  40(3%), арыз шағыммен 54 (3%) тұлға жүгінді. Өтініштердің 838 (59%) қазақ тілінде, қалғаны дерлік орыс тіліндегі өтініштер. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініштерге жауаптар өтініш тілінде жауап берілді.

Өтініштердің жалпы санының 85 (1%) жақын және алыс шет елдердің азаматтарынан ҚР аумағындағы мұрағаттық анықтамалар беру туралы өтініштер болды.

Сипатына қарай 804 өтініш (55%) мәдениет және өнер, 205 (14%) – спорт  , 6 (0,4%) –  еңбек және халықты жұмыспен қамту, 63(37%) – дін істері религия бойынша өтініштер.

2012 жылғы 1 шілдеден ҚР Бас прокуратурасының 2011 жылғы 16 қарашадағы №109 және 2012 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістерімен №66 бұйрықтарына сәйкес Министрліктің орталық аппаратында өтініштерімен тікелей жүгінген азаматтарға              18 санды номері бар жеке талондар беріледі.

Өзгерту: 11.01.2016