Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

23.02.2018

Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері 2017 жылғы екінші жартыжылдық бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді шолу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне 2017 жылғы II жартыжылдықта жеке және заңды тұлғалардан 768 өтініш келіп түсті, соның ішінде 113 (5%) өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен.

Олардың басым бөлігі, 545 (70,96%) жеке тұлғалардың өтініштері және 223 (29,04 %) заңды тұлғалардың өтініштері.

Өтінішпен 706 адам (91,93%), сұрау салумен 9 (1,17%), шағыммен – 34 (4,43%), ұсыныспен – 19 (2.47%) адам жүгінген.

Өтініштердің ішінде – 426 (55,47%) орыс тілінде, 262 (34,11%) қазақ тілінде, қазақ және орыс тілінде 80 (10,42%). Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде берілді .

Жүгінген 768 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар 422 (54,95%), кәсіпорындар мен фирмалар және мемлекеттік емес ұйымдар – 78 (10,7%), зейнеткерлер – 15 (1,95%), шетел азаматтар – 20 (2,6%), ұжымдар – 39 (5,08%), өнер қызметкерлері – 12 (1,56%), шетел ұйымдар және компаниялар – 6 (0,78%), жазушылар – 6 (0,78%), мемлекеттік қатысумен заңды тұлға – 1 (0,13%), адвокаттар – 3 (0,39%), журналисттер – 1 (0,13%), аноним – 7 (0,91%), ғалым адамдар – 4 (0,52%), және басқалары – 154 (20,05%) өтініш берген.

Сипаты бойынша: 233 (30,34 %) өтініш – мәдениет және өнер, 102 (13,28%) мемлекеттік құрылыс, 142 (18,49%) спорт және дене шынықтыру,Туризм, 85 (11,07%) әдебиет, 35 (4,56%) – архив, 37 (4,82%) – ономастика, және басқалары – 134 (17,44%).

Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар ала алды.

Өзгерту: 23.02.2018