Сұрақ - жауап

Сіз енгізген барлық деректер құпия болып табылады және таратуға немесе үшінші тұлғаларға беруге жатпайды.
07.02.2014
Вопрос
Аса құрметті,Мұхтар Абрарұлы! менің сізге қояр сұрағым, Астана қаласында Ұлттық мұражай ашылады деп айтқалы бір жыл өтті. Өте қуаныштымыз. Менің мамандығым мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау бойынша осы мұражайда жұмыс істегім келеді... Ертерек, алдын ала құжаттарымды кімге тапсырсам болады... қай уақытқа дейін. алдын ала үлкен РАХМЕТ
Ответ

Құрметті Салтанат!

Ұлттық мұражайға қызметке орналасу мәселесі аталған мекеменің Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, азаматтарды жұмысқа қабылдау осы мекеменің құзырына жатады.
Осыған орай, бұл мәселе бойынша мұражай әкімшілігімен хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс телефоны: 8/7172/91-90-30

16.12.2013
Вопрос
Құрметті Мұхтар Абрарұлы! Менің Сізге сұрақ қою себебім, осы Алматы қаласында 20-30-шы жылдары болған саяси қуғын сүргін құрбандарына, ашаршылыққа байланысты мұражай ашса қалай болады? Өйткені, болашақ ұрпағымыз мұндай тарихи оқиғаларды ұмытпау үшін және мұндай қателіктерді жібермеу үшін, тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқандарына риза болып, еліміздің патриоты болу керек. Алматы қаласында бұл мұражай ашылған жағдайда, халықты, студенттер мен оқушыларды көп тартады деп ойлаймын. Мұндай мұражайдың ашылуына қалай қарайсыз.
Ответ

Құрметті Абзал!

Сіздің Алматы қаласында саяси қуғын сүргін құрбандары мен ашаршылыққа арналған мұражай ашу туралы Мәдениет және ақпарат министрінің блогына жолдаған сауылыңызға төмендегіні хабарлаймыз.
2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте Алматы қаласында саяси қуғын сүргін құрбандары мен ашаршылыққа арналған мұражай ашу үшін қаражат қарастырылмаған.
Сонымен бірге, бүгінгі таңда республикада осы тақырыпта Ақмола облысында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені, Қарағанды облысында Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражай кешені, Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы, Алматы қаласының жанындағы Жаңалық поселкесінде мемориал ашылған.
Сондай-ақ, Алматы қаласындағы ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында және басқа да облыстық мұражайларда қуғын сүргін құрбандары мен ашаршылық тарихын айшықтайтын экспозициялар жұмыс істейді. Сонымен қатар, мұражайларда, кітапханаларда және басқа да мәдениет ошақтарында жыл сайын қуғын сүргін құрбандарына, ашаршылыққа арналған көрмелер, конференциялар, ашық сабақтар, мұражайлық сабақтар, түрлі байқаулар және кездесулер өткізіледі.

22.09.2013
Вопрос
Құрметті Министр мырза! " Мәдени мұра" бағдарламасына орай, жас талант қызым Әбдікова Мақпалдың қолымен жасалған 120 түрлі қазақтың ұлттық оюларының күрделендірілген жаңа үлгісін, 2017 жылы Әлем назарына ұсынуға мүмкіндік бола ма? Бұған дейінде Дархан Мыңбай осы қызметте отырғанда , өтініш көтеріліп еді, Кейін хабарсыз кетті. Сіз өнерге құмар адам екеніңізді өте жақсы білемін. Сол 120 оюлар қазақ өндірісінің түрлі саласына пайдалануға болар еді . Сізден қандай ықпал болады?
Ответ

Құрметті Темирхан Әбдіков!

Біріншіден, Сізге қазақ ұлттық сәндік қолтанбалы өнерінің дамуына және насихаттауына атсаласып жүрген еңбегіңізге ризашылығымызды білдіреміз.

Қазіргі кезде қолшеберлерді қолдау және олардың жұмыстарын насихаттау бағытында Қазақстанның шеберлер одағы қызмет атқарады.

Осыған орай, бұл мәселе бойынша Қазақстанның шеберлер одағына хабарласқаныңызды жөн санаймыз. Қазақстанның шеберлер одағының төрайымы - Айжан Беқкулова, байланыс телефондары:

8 727 278-06-32, 273-48-67.

Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс және шексіз бақыт тілеймін.