Сұрақ - жауап

Сіз енгізген барлық деректер құпия болып табылады және таратуға немесе үшінші тұлғаларға беруге жатпайды.
09.02.2014
Вопрос
Мемлекеттік мәдени ұйымдарында өткізілетін іс-шараларда билеттер сатылады. Осы билеттің бағасын қойғанда қандай заңнамаға сүйенеді? Билеттің құнын қалай есептейді?
Ответ

Құрметті Мэлс!

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңынын 15-бабына  сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының құзыретіне республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу жатады. Бағалар ұйымдардын негізгі қызметі бойынша, ағымдағы шығындарының талдауына жасалған калькуляцияға сүйене жасалады.