Сұрағыңыз ҚР Мәдениет министрлігінің құзыретіне жатпайды. Осы сауалды жергілікті атқарушы органдарына қоюға құқылысыз.
Құрметті Гүлнар!
«Қазақстан Республикасы аумағындағы тілдік ахуалды талдау және мониторинг жүргізу автоматтандырылған жүйесіне» ұзақ мерзімге қаржыландыру мәселесі қарастырылмағандықтан, әрі қарай жұмыс жүргізу мүмкіндігі болмады.
Алайда, қазіргі уақытта нақты көрсеткіштер негізінде өңірлердегі және орталық атқарушы органдардағы тілдік ахуалға тұрақты түрде әр тоқсан сайын мониторинг жүргізілуде.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде іс-жүргізудің салыстырмалы көлемі республика бойынша 2008 жылы - 50 пайызға, 2009 жылы - 60 пайызға тең болса, 2010 жылы - 80 пайызға, 2011 жылы – 82 пайызға, 2012 жылы – 84 пайызға, 2013 жылы - 86 пайызға жетті.
Қолданыстағы бюджет заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың екінші кезеңінің (2014-2016 ж.ж.) іс-шаралар жоспары жергілікті атқарушы органдардың бюджеті облыстық мәслихат шешімдеріне сәйкес жыл аяғында бекітілетіндіктен келісу рәсімдері жыл соңына дейін жүргендігін хабарлаймыз.